Дәстүрлі отарлы мал шаруашылығымен айналысу арқылы ұсақ малды өсірудегі инновациялық әдіс саласында алғашқы әлемдік жетекші болу. Біз Компанияның өсуі және біздің еліміздің өркендеуі үшін жұмыс істейміз.
Стратегияның мақсаты мен міндеті:
- Компанияны тұрақты дамыту;
- Қазақстандық өндірістің ет және ет өнімдерінің (қой) әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Қазақстанның экспорттық әлеуетін ынталандыру.
Қойылған мақсатқа жету Компанияны дамытудың кешенді және инновациялық әдісіне негізделген және келесідей негізгі міндеттерді шешуді қарастырады;
- Компанияның инвестициялық әлеуетін арттыру, жаңа ресурс үнемдеуші және ғылымды қажетсінетін технологиялар өндірісін құру, құрылыс, жаңғырту, игеру және ет шикізатын өңдеу, мал шаруашылығының қалдықтарын экологиялық қауіпсіз ұқсату, сондай-ақ жепшөп базасын сапалық жақсарту;
- Мегаферманың аумағындағы жануарлардың айрықша қауіпті аурулардан саулығын қамтамасыз ету;
- олардың ауылдағы өмірінің әлеуметтік жағдайын жақсарту негізінде білікті жұмыс күшін, жас мамандарды тарту және дайындау.
Компания:
- Ауыл шаруашылығының өндірістік әлеуетін: жерді, суды, еңбек және зияткерлік ресурстарды тиімді пайдалануға;
- Халықаралық стандарттарға сәйкес тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
- Ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы жұмысымен қамтуды ұлғайтуға және ауыл халқының кірісін арттыруға;
- Ауыл шаруашылығының салалық құрылымын жетілдіруге және қосылған құн салығы бар өнім өндіруді ынталандыруға;
- Қоршаған ортаны және табиғи ландшафтарды қорғауға, органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға тырысады.