«QAZAQ STEPPE SHEEP» ЖШС компаниясы «Қарағанды облысында жылына 8 000 тоннаға дейін ұсақ малды өңдеу бойынша етөңдеу зауытын салу және кемінде 500 000 бас малды ұстау арқылы отарлы мал шаруашылығын дамыту бойынша мегаферма құру» жобасын іске асыру мақсатында мал шаруашылығындағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылған.
Жоба іске асырудың кезең-кезеңдік (тік) моделін қарастырады. Етөңдеуші комбинатты іске қосу үшін (2-ші кезең) шикізат базасы қажет. Соған байланысты 1-ші кезеңде Қарағанды облысында кемінде 500 000 бас малды ұстаумен отарлы мал шаруашылығын дамыту бойынша мегаферманы (бұдан әрі – мегаферма) құру қарастырылған. Қойлар мен қошқарлар мал басын жоспарлық сатып алуға сәйкес 5 жыл ішінде импортқа шығарылатын болады.
Кәсіпорынның бас мамандарының және жетекші мамандарының әлеуетті қатысушылар ретіндегі біліктілігі білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі туралы деректермен расталады. Басқару персоналының біліктілігі олар жобаны бизнес-жоспарда (бұдан әрі – БЖ) белгіленген мерзімде оны сапалы іске асыруға қабілетті болатындай болады.
Жобаның 1-ші кезеңін іске асыру үшін Қарағанды облысының әкімдігі жайылым жерлерді берді.
Дәстүрлі мал шаруашылығы қыстау үшін ғимараттан басқа үлкен стационарлық объектілерді талап етпейді. Жоба бойынша Моңғолиядан мал шаруашылығымен айналысатын және тәжірибесі бар этникалық қазақтар көшіп келді.
Жайылымның өнімділігін арттыру және жердің оттылығының жағдайын жақсарту мақсатында жайылымда мал жаюды, демалысты және шөп шабуды жылдар бойынша біртіндеп алмастыру жолымен жайылымның өнімділігін жақсартуға бағытталған жайылымды пайдалану және оны күтіп-ұстау жүйесі бар ауыспалы жайылым ұйымдастырылатын болады. Жайылымдағы шөптесін өсімдіктердің толыққанды азықтық бірліктерін және ауыспалы жайылымды ұйымдастыруды зерттеу үшін ғылыми институттар, оның ішінде «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» ҰАҚ тартылатын болады