Кыргызстанда сизге керектүү нерселердин баары бар комплекстүү онлайн казино жана спорттук букмекерлик платформа издеп жатасызбы? Ар кандай табитке ылайыктуу оюндардын жана букмекердик варианттардын кеңири спектрин сунуш кылган идеалдуу букмекердик контора Мостбетти карабаңыз. Ыңгайлуу Mostbet мобилдик тиркемеси менен сиз өз үйүңүздө отуруп эле казинолордун бардык кумар оюндарын жана спорттук мелдештерди ойной аласыз.

Ветеринария

Ветеринариялық-санитарлық шаралар жоспары.
Алдын алу шараларының екі бағыты бар – жалпы және арнайы шаралар. Нақ осылар барлық шаруашылықта күнтізбелік жылға жасалған профилактикалық эпизоотияға қарсы шаралар жоспарына кіреді.

Келесідей шаралар жүзеге асырылады:
1. Мал шаруашылығы кешенінің инфекциялық және инвазиялық аурулар әкелуден қорғау бойынша:
- жабық кәсіпорын режимін сақтауды бақылау;
- изоляторлар мен дезбарьерлерді салу;
- енгізілген жануарларды карантиндеу (21 күн);
- жемшөп, өлексе және басқалар үшін арнайы көлік;
- өлекселерді өңдеуді ветеринариялық бақылау, көңді залалсыздандыру;
- дезинфекция, дератизация, дезинсекция.

2. Ветеринариялық шаралар:
- 21 күн ішінде карантинде болған жаңа түскен жануарларды туберкулезге зерттеу қажет, жас төлдерді – екі айлық жастан бастап, ересек малдарды – барлық қожалық (фермерлік) шаруашылықтардағы, атап айтқанда сектордағы жылына бір рет;
- қойлар мен ешкілерді төлдегеннен кейін бір-екі айдан соң бруцеллёзге зерттеу, жас төлдерді – үш-төрт айлық жастан бастап. Егер қолайлы кезеңде өзінен-өзі іш тастау туындаса, онда іш тастаған ұрықты ветеринариялық зертханаға жібереді, онымен бірге іш тастаған жануардан қан сарысуын және 15-20 күннен кейін оны қайтадан жібереді;
- тек қолайсыз шаруашылықтағы жануарларды ғана паратуберкулезге зерттейді;
- сақтандыру екпелерін келесідей ауруларға қарсы жоспарлайды:
- топалаң – барлық қабылдағыш мал басын жылына 2 рет (екінші және төртінші тоқсанда) үш айдан бастап иммунитеттендіреді;
- эмкара: қойға – бірінші тоқсанда алты айдан үлкен (жайылымға жібергенге дейін екі аптадан кешіктірмей). Егер жайылым кезеңі алты айдан көп болса, қайталап егу талап етіледі;
- диплококкоз: қозыларға – сегіз күндік жастан бастап жыл бойында (бұзауға – екі-үшке дейін, торайлар мен қозыларға – екі айға дейін);
- аусыл – Ветеринария басқармасының нұсқауына сәйкес карантинді алғаннан кейін екі жылдың ішінде немесе эпизоотикалық жағдайды ескере отырып;
- бұзаутаз – барлық мал басын айлық жастан бастап 10-14 күн интервалмен екі рет;
- құтыру – үш айдан асқан барлық иттерге (бірінші – екінші тоқсан).
Басқа бактериялық және вирустық аурулар бойынша шараларды тек шаруашылықта ауру болған кезде ғана жоспарды құру күні жоспарлайды. Барлық қайта келген жануарларды 21 күн бойы карантинде ұстау маңызды, мұндай жануарларда ілеспе ветеринариялық құжаттаманың болуы міндетті. Бұл кезеңде инфекциялық аурулардың бар-жоқтығына барлық қажетті зерттеу жүргізеді.
Дегельминтизация мерзімін әдетте әрбір аймақ үшін Ветеринария басқармасы ұсынады. Қарағанды облысында және оған жақын жатқан облыстарда дегельминтизация мерзімі төмендегідей:
- өкпенің қыл құртына қарсы: жайғанға дейін 20 күн бұрын іріктеме тексереді, мал басының 10% дейін шілдеде, тамызда және күзде тексеруді қайталайды. Анықтаған кезде – наурызда (бірінші тоқсанда) және қазан-қарашада (төртінші тоқсанда) – құрттардан тазартады;
- бауырқұртқа қарсы: қорада бағуға қойғаннан кейін (төртінші тоқсанда) 30 күннен соң, содан кейін үш айдан кейін (бірінші тоқсанда);
- қойлар мен ешкілердегі мониезиозға қарсы: қозыны – жайылымға жайғаннан кейін 14-16 күннен соң, 15-20 күннен кейін қайталау, содан кейін екіншіден соң 25-30 күнде, яғни шамамен мамырда, маусымда, шілдеде (екінші және үшінші тоқсанда), ересектерді – маусымның аяғында-шілденің басында, содан соң – барлық мал басын – қыркүйек-қазанда (үшінші тоқсанда);
- тизаниезиозға қарсы – үшінші және бірінші тоқсанда;
- авителлинозға қарсы – ағымдағы жылы туған жас төлге мамырдың аяғында (екінші тоқсанда), екінші рет – қыркүйекте (үшінші тоқсанда), үшінші рет – желтоқсанда (төртінші тоқсанда), ересек малдарға – сәуір-мамырда және қараша-желтоқсанда (үшінші және төртінші тоқсанда);
- гемонхозға, трихостронгилёзға қарсы – жайғанға дейін екі апта бұрын, күзде (екінші және төртінші тоқсанда);
- қойлардағы қотырға және эктопаразиттерге қарсы – қырыққаннан кейін (мамыр-маусымда), қыркүйекте;
- иттердегі цестодозға қарсы – наурызда (бірінші тоқсанда), маусымда (екінші тоқсанда), қыркүйекте (үшінші тоқсанда), желтоқсанда (төртінші тоқсанда).

Барлық паразиттерге қарсы емдік өңдеуді жоспарламайды, оны кез келген уақытта жүргізеді.
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация негіздері
Малшы дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны тұрақты жүргізіп тұруға айрықша көңіл бөлуге міндетті. Бұл шаралар жануарлардың құрттарды, бактерияларды, вирустарды жұқтыруына кедергі келтіреді. Осы үшін қолданылатын құрал белгілі температура, концентрация және экспозиция уақыты кезінде әсер етеді.
Осы әдістемелік құралда шаруашылықтағы дезинфекция кезінде пайдаланатын негізгі құралдар көрсетілген, мысалы, олар: 3%-тік сілтінің ыстық ерітіндісі; 3%-тік креолин мен лизол; 5%-тік хлорамин ерітіндісі.
Профилактикалық дезинфекцияны жылына кемінде 2 рет өткізеді: бірінші рет – жаю маусымы басталғаннан кейін көктемде, екінші рет – қыстау алдында күзде.

Ет мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарда профилактикалық дезинфекцияны малды союға жібергеннен кейін әр жолы жүргізеді.

Туатын жерде – айына бір рет. Жаңа туған төлдер үшін ұяшықтарды оларды пайдаланғанға дейін және кейін әр ретте өңдейді. Эпизоотикаға қарсы шаралардан кейін (екпелер, талдамаға қан алу және т.б.) де профилактикалық дезинфекция жүргізеді. Дезинфекциялау алдында қоқыстарды, жемшөп қалдықтарын, қиларды шығарумен мұқият тазалау жүргізеді.

Жалпы жұмысты жоспарлау үшін санитарлық кезеңді – жайды жануарларсыз қалдыру уақытын ескерген жөн (дезинфекциялауға дейін немесе кейін).

Дезинфекциялау үшін қондырғы мен негізгі құралдар:
- арнайы киім: көзілдіріктер, бетперделер, резеңке етіктер, алжапқыштар, респираторлар немесе газқағарлар;
- өнеркәсіптік бүріккіштер;
- тазалауға арналған құрал, шелек, өлшеуіш ыдыс, щеткалар қоры, тозған шүберектер;
- препараттар: формалин, формальдегид, жаңадан сөндірілген әк, ащы калий, ащы натрий, карбол қышқылы, күкірт-карбол қоспасы.

Жоспардың бөлімдерін әзірлеген кезде:
1. Жоспарланатын шаралар түрлері
2. Алдағы тұрған жұмыс көлемі
3. Шараларды жүргізудің қолайлы мерзімі анықталатын болады.